Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Комиссия мәліметіне сәйкес, тек Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
https://egemen.kz