«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Вакцина салдырған ер адам 8 минуттан соң көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Грекияда 27 желтоқсаннан вакцинация жұмыстары басталған еді. Тұрғындарға күн сайын 20 мыңнан аса екпе салынады. 85 жастағы ер адам COVID-19 вакцинациясынан кейін сегіз минут өткен соң қайтыс болды. Оқиға Криттегі Ираклион университетінің ауруханасында орын алған.

Егде жастағы адам вакцинациядан кейін қабылдау бөлмесінде отырған және аяқ астынан құлаған. Дәрігерлер бірден көмектескенімен, ол жансақтау бөліміне жетпей қайтыс болған.
Оның қайтыс болу себебін анықтағандар “ол вакцинациядан және аллергиялық анафилактикалық шоктың салдарынан көз жұмған жоқ” деген бірінші тұжырым шығарды. Дәрігерлер ғылыми тұрғыдан алғанда кез келген вакцинациядан кейін өлім байқалмайтынын атап, бұл вакцинациямен тұспа-тұс келген кенеттен өлім деп санайды.
Дегенмен өлімнің нақты себебін анықтау үшін дәрігерлер жедел сот-медициналық сараптамасын талап етті.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp