Петропавл қаласында қайырымдылық дүкені ашылды.
Қайырымдылық дүкенінен қиын жағдайға тап болған немесе тұрмысы төмен отбасылар өзіне керектің бәрін тегін ала алады. Бұл жерде киім-кешек қана емес, тұрмысқа қажетті заттар да бар. Әлеуметтік жобаның авторы – Петропавл тұрғыны, кәсіпкер Петр Вагнер. Осындай бастаманы қолға алу оның көптен ойында жүр екен.
«2008 жылы ғибадатхана салдым. Кейін адамдар пайдалануға болатын, алайда үйінде жай жатқан заттарын осында әкеле бастады. Оның ішінде балаларына сыймай қалған киім-кешек те, күнделікті тұрмысқа қажет заттар да болды. Сол кезде осындай қайырымдылық бутигін ашу туралы ой келді. Сол ойым енді жүзеге асып жатыр», дейді Петр Вагнер.
https://egemen.kz