«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

«Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада.
Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Кейінірек ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.
Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp