«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы депутаттық фракция отырысында “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы талқыланып, саяси бюрода бекітілді. Отырысқа партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Жол картасын жүзеге асыру барысымен облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев таныстырды. Баяндамашының айтуынша, іс-шаралар негізгі жеті бағыттан тұрады. Олар экономикалық, әлеуметтік, жастар өмірі, өңірдің бай тарихы мен мәдениеті, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ секілді ауқымды мәселелерді қамтиды, нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен бюджеттен 435,4 млрд. теңге, сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен 475,1 млрд. теңге бөлу қарастырылған.
Сайлауалды бағдарламасы аясында облыс орталығында көпбейінді және жұқпалы аурулар ауруханалары, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқу-зертханалық корпус, 1200 орындық екі студенттер жатақханасы, 50-ден астам спорт нысаны бой көтеріп, 31 денсаулық сақтау ұйымына күрделі жөндеу жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылып, полицияның учаскелік пункттеріне 600-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылады.
– Бес жылдың ішінде 2,7 мың шақырым жолды жөндеуге 70,2 млрд. теңге бағытталады. Сонда сапалы жолдардың үлесі 69 пайыздан 98 пайызға дейін жетеді. 142 елді мекенді сумен жабдықтауға 71 млрд. теңге жұмсалады. 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бір тұрғынға шаққанда пайдалы алаң 22,3 шаршы метрден 25,5 шаршы метрге дейін көбейеді, – деді Асқар Жоламанұлы.

Ілияс СӘБДИНОВ,
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының
баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp