«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЫЛТЫҚ КЕЗЕНГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша қаласының 1995 жылы туған тұрғыны отбасылық жанжал кезінде тіркелмеген аңшы мылтығынан үйінде бірнеше рет оқ атқан. 

Абырой болғанда, туыстарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері келген кезде, ол қаруды алып, оқиға орнынан жасырынып үлгерген. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұстады. Қар астында жатқан 16 калибрлі аңшы мылтығы мен бір патрон табылды. Оқиға орнын тексерген кезде 3 патрон мен атылған 3 гильза анықталды. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
 ішкі және сыртқы коммуникациялар
 бөлімінің инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp