«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЫНШЫ ҚЫСҚЫ ГИМНАЗИАДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының” ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан мектеп оқушыларының оныншы қысқы гимназиадасы 22 ақпан мен 13 наурыз аралығында өткізіледі.

Аталған іс-шара Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында спорттың сегіз түрі бойынша ұйымдастырылады.
Ашылу салтанаты 28 ақпан күні сағат 11.00-де Петропавл қаласының Борки кентінде болады.
Жабылу салтанаты 12 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
1. Мәнерлеп сырғанау, 24-28 ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, “Сары­арқа” спорт кешені.
2. Шорттрек, 9-13 наурыз, Нұр-Сұлтан қаласы, “Сарыарқа” спорт кешені.
3. Конькимен жүгіру спорты, 22-25 ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, “Алау” мұз айдыны.
4. Биатлон, 26 ақпан-3 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, биатлон трассасы.
5. Президенттік қысқы көпсайыс, 27 ақпан-3 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, биатлон трассасы.
6. Қысқы спорттық бағдарлау, 7-12 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, қысқы спорттық бағ­дарлау трассасы.
7. Шаңғы жарысы, 6-12 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, шаңғы базасы.
8. Шайбалы хоккей, 26 ақпан-5 наурыз, Петропавл қаласы, Александр Винокуров спорт сарайы, “Қарасай” стадионы.
Оныншы қысқы гимназиадаға спорттың сегіз түрі бойынша 11 командадан 850-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде. Пандемияға және қалалардың бас санитарлық дәрігерлерінің хатта­маларына байланысты республиканың бірқатар өңірлері гимназиадаға қатыса алмауы мүмкін. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарса, өңірлердің командалары түгел қатысады деп үміттенеміз.

Білім және ғылым министрлігінің
“Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp