«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІПСІЗДІККЕ ТӨЗБЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Ұсақ құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акциясын өткізді. Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес қолға алынған шара тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатын көздеді.

       Жедел-алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде 40 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нақтырақ айтқанда, қоғамдық орындарда ішімдік ішудің – 7, белгіленбеген жерде шылым шегудің – 1, қоғамдық орындарда теріс әрекет жасаудың – 5, рұқсат етілмеген жерде сауда-саттық жүргізудің – 2, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің – 16, ҚР құжатсыз тұрудың – 5, көші-қон заңнамасын бұзудың – 2, жалпы қолданыстағы орындарды ластаудың 2 фактісі тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Облыс орталығындағы Искандер Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде «Құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар төрт кәмелетке толмаған жасөспіріммен жеке профилактикалық әңгіме жүргізілді. Темір жол вокзалына жақын тұратын тұрғындарға аталмыш акцияның мән-маңызы түсіндірілді. Петропавл, Булаево, Смирнов, Мамлют станцияларының темір жол вокзалдарында және пойыздарда тәулік бойы радиобайланыс арқылы осы акцияның маңыз-мақсаты айтылып, жолаушыларға жадынамалар таратылды.

Абзал РАХИЕВ,
Петропавл станциясындағы желілік
полиция бөлімі әкімшілік полиция
бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты.
   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp