«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.
Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 972 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 759 адам, анықтамасыз 213 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 622 жолаушы, анықтамамен – 1 413, анықтамасыз – 209;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 350 жолаушы, анықтамамен – 346; анықтамасыз – 4.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 383 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp