«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІШТЕР – БАҚЫЛАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Облыстық мәслихаттың депутаты Ольга Клишина бір топ азаматты қабылдап, олардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдады.

 Петропавл қаласының бір тұрғыны «Полуостров» саяжайына қатысты туындап отырған мәселелердің шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Қырыққа жуық тұрғын үйі бар саяжай көшесіне шамдар орнатылмағандықтан, іңір қараңғысында жүріп-тұру қауіпті көрінеді. Бұл маңайды қаңғыбас иттердің мекені десе де болады. Жол жайы да толғандырады. Жауын-шашын кездерінде саяжайға қатынау – бір мұң. Тұрғындар өз күштерімен жөндеген жолдың тозығы жеткен.
Көпбалалы аналарға қайырымдылық жасаумен айналысатын қордың төрайымы Мария Мамонтованың да айтары бар екен. Ол Халықаралық әйелдер мерекесі жақын қалғанын, жылдағы дәстүр бойынша аз қамтылған жандарға сый-сияпат жасайтындарын айта келіп, салтанатты шараны ұйымдастыруға, жұртшылықтан жиналған киім-кешектерді қоюға орын жоқтығын нали жеткізді.
Жеке қабылдауда болған тұрғындардың арыз-тілектерін зер сала тыңдаған халық қалаулысы Ольга Геннадьевна мәселелерді шешуге қолдау көрсететініне, жеке бақылауына алатынына сендірді.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың
баспасөз хатшысы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp