Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының” ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан мектеп оқушыларының оныншы қысқы гимназиадасы 22 ақпан мен 13 наурыз аралығында өткізіледі.
Аталған іс-шара Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында спорттың сегіз түрі бойынша ұйымдастырылады.
Ашылу салтанаты 28 ақпан күні сағат 11.00-де Петропавл қаласының Борки кентінде болады.
Жабылу салтанаты 12 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
1. Мәнерлеп сырғанау, 24-28 ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, “Сарыарқа” спорт кешені.
2. Шорттрек, 9-13 наурыз, Нұр-Сұлтан қаласы, “Сарыарқа” спорт кешені.
3. Конькимен жүгіру спорты, 22-25 ақпан, Нұр-Сұлтан қаласы, “Алау” мұз айдыны.
4. Биатлон, 26 ақпан-3 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, биатлон трассасы.
5. Президенттік қысқы көпсайыс, 27 ақпан-3 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, биатлон трассасы.
6. Қысқы спорттық бағдарлау, 7-12 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, қысқы спорттық бағдарлау трассасы.
7. Шаңғы жарысы, 6-12 наурыз, Петропавл қаласы, Борки кенті, шаңғы базасы.
8. Шайбалы хоккей, 26 ақпан-5 наурыз, Петропавл қаласы, Александр Винокуров спорт сарайы, “Қарасай” стадионы.
Оныншы қысқы гимназиадаға спорттың сегіз түрі бойынша 11 командадан 850-ге жуық оқушы қатысады деп күтілуде. Пандемияға және қалалардың бас санитарлық дәрігерлерінің хаттамаларына байланысты республиканың бірқатар өңірлері гимназиадаға қатыса алмауы мүмкін. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарса, өңірлердің командалары түгел қатысады деп үміттенеміз.
Білім және ғылым министрлігінің
“Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы”.