«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТТЕГІМЕН БАЙЫТЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Пресновка ауылының маңында орналасқан Пруд көлiнiң аумағы 50 гектарды құрайды. Бұл көлде көбiне мөңке балығы мекендейдi. Қазiргi таңда суының астындағы оттегiнiң деңгейi 1,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш аз болғандықтан, салдарынан су жәндiктерiне ауа жетiспеуде. Осыған байланысты мамандар көлдi жасанды жолмен оттегiмен байытуға кiрiстi. Бұл әдiс – аэрация деп аталады. Ол үшiн моторлы бұрғылар, мотосорғылар, аэраторлар және судағы оттегiнi өлшейтiн басқа да жабдықтарды қолданамыз. Қазiргi таңда көлдегi жұмыстарға  орман күзетiнен 5 адам, жергiлiктi елдi мекеннiң 3 балықшысы және 5 техника жұмылдырылған. Қаңтар айының ортасында басталған бұл жұмыс наурызға дейiн атқарылады.

Соколов мемлекеттiк орман мекемесiнiң резервiнде дәл осындай 23 су қоймасы бар. Ал облыс бойынша олардың саны 500-ге жуық. Соның 300-ден астамы жалға берiледi. Облыстық  табиғи ресурстар  және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкiлдерiнiң сөзiнше, көлдердi жалға алып, аэрация жасамағандар жауапкершiлiкке тартылады. Ал балықтардың қырылуына жол берілген жағдайда олармен жасалған келiсiмшарт бұзылады.
Сергей БРЮХОВ, 
Соколов мемлекеттік орман мекемесінің аңшысы.
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp