«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәртебесі биік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұстаздар қауымына негізсіз ар­тықшылықтар беріліп жатыр деген сөздер қоғамда жиі айтылмаса да, оқта-текте естіп қалатынымыз бар. 

Осындай себепсіз кінәлау­лар­дан кейін “Педагог мәртебесі туралы” заңды тағы бір мәрте па­рақтап шығуға тура келді. 19 бап­тан тұратын заңның бірінші бабы: “Педагог – тиісті бейіндер бойын­ша педагогикалық және (немесе) кәсіптік білімі бар, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту жә­не (немесе) тәрбиелеу, оның ішін­де қосымша білім беруді ұйым­дас­тыру және (немесе) білім беру қыз­метін ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бо­йын­ша кәсіби қызметті жүзеге асы­ратын, сондай-ақ кәсіптік стан­дарт­та көрсетілген біліктілік та­лап­тарына сай келетін адам”, – де­ген жауапкершілігі өте жоғары сөз­дермен басталады. Демек, педа­гог мәртебесін иеленген адамдар­ға ғылыми, зерттеу, шығармашы­лық, эксперименттік қызметті жү­зе­ге асыру, педагогикалық прак­тикаға жаңа әдістемелер мен тех­нологиялар енгізу, білім беру бағ­дарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де құ­рауыштарын, сондай-ақ оқулық­тарды, оқу-әдістемелік кешендер­ді және оқу құралдарын әзірлеуге қатысу секілді сан-салалы білікті­лік шарттары қойылады. Ал педа­гогтың еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық жалақылар, қосым­ша ақылар, үстемеақылар, ынта­лан­дырушы сипаттағы басқа да төлемдер заңнамаларда белгі­лен­ген тәртіппен айқындалаты­нын бәзбіреулер білмеуі мүмкін. Қо­ғам алдында үлкен жауапкерші­лік жүгін арқалаған педагог ма­ман­дығының қиындығын бастан өткермей оның меһнатын сезіну мүмкін емес дегім келеді.
Иә, ұстаздар қауымының жала­қысы 50 пайызға ұлғайғаны рас. “Ең­бегіне қарай өнбегі” деп халқы­мыз бекер айтпаған. Бұл шара­лардың бәрі ұстаздар қауымының күрт түсіп кеткен абыройы мен бе­делін орнықтырып, сын көтермей­тін әлеуметтік жағдайын жақсар­туға бағытталған. Мен ширек ға­сырға жуық балаларға қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп келемін. 2015 жылы рес­публикалық үздік педагог сайы­сының жеңімпазы болдым. Екі жыл бұрын педагог-шебер сана­тын иелендім. Еңбек өтілі жоқ жас мамандарға тәлімгерлік еттім. Жо­ғары біліктілік дәрежесіне жету үшін ұзақ еңбектендім, көп жы­лым­ды сарп еттім. Үздіксіз үйре­нуге, мол тәжірибе жинақтауға тура келді. Сондықтан еңбегіме ла­йықты ақы төленгенін қалайты­ным рас.
Жаңа заң ұстаздарды үлкен күш-жігермен еңбек етуге ын­та­ландырып отыр. Өңірдегі 16 мың­нан астам педагогтың қай-қай­сысы болсын егемен еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеп шығаруды басты мақсат етеді. Дәп­тер тексергендері және сыныпқа жетекшілік еткені үшін үстеме­ақы­ның төленетіні де әбден қисынды. Үздік көрсеткіші бар жас ұстаздар­дың санаты мерзімінен бұрын жо­ғарылатылады. Бұрын мектеп әкім­шілігі тарапынан жүктелетін қо­салқы тапсырмалардан босаты­лып, күнтізбелік жоспар мен элек­тронды журналды ғана уақтылы толтырып отыруға міндетті.
Меніңше, заңда қарастырыл­ған жеңілдіктерге ұстаздар қа­уы­мы әбден лайық. Мемлекеттік қол­дауларды артықшылық ретінде түсінетін жандарға айтарым осы!

Зухра АУҒАНБАЕВА,
жалпы білім беретін мектеп-лицейдің мұғалімі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp