«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауданда білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасы дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. 4 нысаналы индикаторды, 25 көрсеткіш пен 31 іс-шараны орындау барысында толыққанды оқу үдерісінің барлық мүмкіндіктері қарас­тырылған. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын дамыту индикаторлары жүйесіне білім берудің тиімді нұсқалары таңдап алынып, қызығушылығын дұрыс арнаға ба­ғыттай білуде бірінші кезекте қалыптасқан тәжірибелерге арқа сүйейміз.

Орта білім беру ұйымдарында 700-ден астам мұғалім жұмыс іс­тейді. Олардың арасында ше­бер­дің, зерттеушінің, педагог са­рапшының және педагог-мо­де­ра­торлардың біліктілік деңгейі – 44,6 пайыз. 2025 жылға таман бұл көрсеткішті 83,8 пайызға жеткізу белгіленген. 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту жүз пайызды құрады. Қазір 2 жас­тан бастап тәрбиелеу тәсіліне кө­шу жолдарын қарастырып жа­тыр­мыз. 616 бала баратын 24 ша­ғын орталықта шығармашылық әле­уетке, спортқа басымдық бе­рі­леді. “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығы бо­йынша білімі бар педагогтардың үлесі – 93,8 пайыз.
Мемлекет тарапынан шалғай­дағы мектептерге жасалып жат­қан қамқорлық қала мен ауыл ара­сындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқартумен қатар оқушылардың сауаттылығын арт­тыруға да оң әсерін тигізері сөз­сіз. Өткен жылы қосымша білім бе­румен қамтылған оқушылар­дың үлесі 81 пайызға жетті. Бұл қатарға нәтижелілігі төмен білім беру ұйымдарын, білім алушы­лар­дың әлеуметтік осал санатта­рын қосу бағдарламасы әзірле­ніп, нақты іс-шаралар топтамасы түзілген.
Биылғы оқу жылында ұшқын ой алаңы, оқушылардың дебат­тық қозғалысы, балалар және театр, қоғамға қызмет, әлеуметтік волонтерлік акциясы, “Ашық жү­рек” сияқты жобалардың кеңінен қанат жаюы балалардың ынта-жі­геріне ерекше серпін берді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 13 арнайы жоба жүзеге асы­рылды. Оларға 3 мыңнан ас­там оқушы мен педагог тарты­лып, 400-ден астам іс-шара ұйым­дастырылды. Сонымен қа­тар оқушыларымыз облыстық, рес­публикалық конкурстарға бел­сене қатысып, отызға жуық жүл­демен оралды.
“Жетім көрсең жебей жүр” деп бабаларымыз текке айтпаған. 8 ба­ла балалар үйінде тәрбие­лен­се, 28 бала қамқоршылыққа алын­ған. 27 балаға жәрдемақы төленеді. Соңғы кездері инклю­зив­ті білім беру үлесі біршама арт­қаны байқалады. Ерекше бі­лім беруді қажет ететін балалар­дың саны – 191. Оның ішінде ор­та біліммен қамтылғаны – 165, үй­де оқытылатыны – 22, 54 мүмкін­ді­гі шектеулі ба­ланың 10-ы үйле­рін­де оқиды. 24 мектепте пан­дус орнатылған. Петровка ор­та мек­тебінің база­сында инклю­зив­ті қол­дау каби­неті жұмыс іс­тей­ді. Он­да 22 мүм­кіндігі шектеу­лі ба­лаға барлық жағдай жасалған.
Оқушылардың оқу жетістікте­рі­не функционалдық сауатты­лық­­ты жетілдіруге арналған се­ми­нар-тренингтердің, TIMSS, PISA мониторингтік зерттеуле­рі­нің, тес­тілердің, шеберлік сағата­ры­­ның пайдасы мол. 4, 9, 11-сынып оқушыларының оқу жетістік­терін сырттай бағалау жүргізілді. Білім беру мониторингінің қоры­тын­ды­сы көрсеткендей, қуантар­лық нә­тижелер аз емес. Оқыту­дың са­бақ­тастығы мен үздік­сіз­дігін қам­тамасыз ету бойынша мек­теп­алды жастағы балалар­дың да­йын­дық деңгейінің көрсет­кішін кө­теру көзделген.
Білім алушыларды интел­лек­туалдық, рухани-адамгер­шілік, физикалық жағынан шыңдай­тын “Жас қыран”, “Жас ұлан” қоз­ға­лысына қатысушылардың са­ны жыл санап өсіп келеді. Мек­теп­тен тыс ұйымдарда және жал­пы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен қамтылған білім алушылардың үлесін кө­бейту – алғы мақсатымыз.
Жасыратыны жоқ, аудан мұға­лімдері арасында жас педагог­тар­дың үлесі әлі де төмен. Оның бір себебі, жоғары оқу орнын бі­тірген дипломды мамандар қала­ларда, ірі елді мекендерде жұ­мыс істегенді тәуір көреді. Көбі ауылдарда әлеуметтік инфра­құ­рылымның төмендігін алға тарта­ды. Үш жылдың ішінде жас ма­ман­дар санының төмендеп кет­ке­ні бай­қа­лады. 2017 жылы 89 бол­са, был­тыр 69 ғана. Бірінші, жо­ғары са­натты педагог-зерттеуші, са­рап­шы-педагогтардың са­ны – 339. Бұл көрсеткіш те бізді қа­нағаттандыра қоймайды. Осы ба­ғыттағы жұмыстарды жанданды­ра түсетін боламыз.
Гүлмира ДАУЫТБАЕВА,
оқу бөлімінің басшысы.
Есіл ауданы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp