«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жазбаша емтихан тапсырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Ғалия Қожаева қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қорытынды емтиханның талаптары мен шарттарын түсіндіріп беруді өтініпті. Сауалға білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Әсел Есімсейітова жауап береді.

– 9-сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пән­дерінен тапсырмаларды құрастыру және са­раптау тақырыбында арнайы онлайн-семинар өтіп, қорытынды аттестауға дайындық шаралары тал­қыланды. Оқушылар ана тілінен жазбаша емтихан тапсырып, оны орындауға екі сағат бөлінеді. Емти­хан материалдарын Білім және ғылым министрлігі әзірлейді. Емтихан аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері білім алушылардың жұмыстарын тексе­ріп, қателердің асты сызылады. Эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәти­же­лері балл түрінде журналға қойылып, бес балл бойынша бағаланады. Тоқсандық бағалар 30-70 па­йыздық қатынаста анықталады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай есептеледі.
Пән мұғалімдері сынып оқушыларын қорытын­ды аттестаттауға даярлап, ерекшеліктері мен өзге­шеліктерін түсіндіруге міндетті. Мұғалім-тренер­лер­дің, әдіскерлердің көмегімен тапсырмаларға ар­налған семинарлар өткізіледі, – дейді Әсел Қайыр­қызы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp