«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» атты жаңа туындыны ұсынады.
Спектакльдің атауы айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» мәселесі. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті пафосқа толы образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті…
Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма? Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын көрермендер «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден табады.
Спектакльдің режиссер-хореографы – «Astana Musical» театрының артисі Анель Мырзағұлова, музыкалық туындыларды «Astana Musical» артисі Ақжол Өмірзақов жазған. Театрдың көркемдік жетекшісі – Есләм Нұртазин.
https://egemen.kz