«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫ ЖАСТАН…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаhандану шекара дегенді білмейді. Ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озады. Заманға сәйкес жаңғыру барлық мемлекеттер сияқты Қазақстанның алдында да өткір тұр. Екі дәуір түйіскен өліара шақта бейқамдыққа салынуға еш қақымыз жоқ. Мұндай келеңсіздіктерге қарсы төтеп берудің бірден-бір жолы – ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу, ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырған рухани бай қазынамызды шашау шығармастан жас ұрпаққа аманат ету. Оған жастарымыз дайын ба? Ең басты мәселе де, сұрақ та – осы.

Дүбірлі дүние күн санап өзге­ріп, өзгенің қаңсығы таңсық ретін­де қабылданып жатқанда жұты­лып кетпейміз бе деген қауіптің ой­ды онға бөліп, сананы сансы­рататыны рас. Олай дейтініміз, ке­ңестік кезеңнен сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сі­ңіп қалған таптаурын қағидалар­дан тамыр үзбей жатып, жағым­сыз әдеттердің батыстан бері қа­рай атойлап қоя беруі тығырыққа тірегендей күй кештіреді. Өйтке­ні, идеологиялардың шырмауына шырматылып, тұтас ұлттар мен мемлекеттердің ділін, тілін, дінін жоғалтып, су түбі құрдымға кетке­ні жайлы мысалдар аз емес.
Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, адасуға бастайды. Тұрмысы бақуатты, қа­заны ортаймаған, рухани, адами құндылықтар әспеттелетін елдің ұрпағы ертеңіне алаңдамайды, се­німмен қарайды. Ата-бабаларымыз да ұлын ұяға, қызын қияға қондырғанша отбасы, ошақ қасы тәрбиесін бір сәт те босаңсытпа­ған. Тал бесіктен бастап үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, адалдық, ме­йірімділік қасиеттерін бойларына дарытып, ел қорғаны бол, халқы­ңа қызмет ет, өнеріңді жақсы­лық­қа, ізгілікке жұмса деген тілекте­рін жадыға ұялатқан. Бала кезі­міз­де әжелерімізден: “кісі айы­бын бетіне баспа”, “адам ақысын же­ме” деген сөздерді жиі еститін­біз. Есейе келе оның мән-мағынасын ұғындық. Оның арғы жа­ғын­да ұлттық бет-бейнемізге, қа­зақы қалпымызға айналған ізгі қа­сиеттерімізді қастерлей білу ке­рек деген ұлы ұғым жатыр.
Баланы кішкене кезінен ана­сы­ның сүт ақысын өтеуге баулу, қо­ғамда әйелге, анаға ерекше іл­типат қалыптастыру, бала тәр­бие­сіндегі әкенің жауапкершілі­гін, тәрбиешілік мүмкіндіктерін арт­тыру, отағасын шаңырақтың қорғанына, асыраушысына, ота­на­ны ақылшысына, ырысына, құ­ты­на теңеу ықылым заманнан ар­қауы үзілмеген. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет десек, оның қайнар бұлағы отбасында, ұлт­тық әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде қойындасып жатқанын ұқтыру – ұлы мұраттарымыздың бірі. Жеке тұлғаның болашағына дұрыс жол сілтеу – өте өзекті мә­селе. Бауыржан Момышұлының “Батырлық – табиғат сыйы емес, бұл – патриорттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көн­дірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз достарымен тек игілікті ғана емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқы­лы өзін және отандастарын қа­уіпсіздендіруге тырысады. Өзінің азаматтық ары мен намысын ез­діктен, масқаралықтан қорғай­ды”, – деген аталық сөздері Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру” мақаласындағы: “Жаңа тұр­патты жаңғыртудың ең басты шар­ты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай”, – деген пайымдармен үндес.
Дариға ДӘУЛЕТОВА,
“Өрлеу” БАҰО облыстық филиалының аға оқытушысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp