«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұғалімдердің әдеп кеңесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім және ғылым минис­трі­нің арнайы бұйрығымен бі­лім саласында сапаны қам­та­масыз ету департаменті жа­нынан консультативтік-ке­ңесші орган құрылып, жұмыс істей бастады.

Былтыр Президент Жарлығы­мен “Педагог мәртебесі туралы” Заң қабылданып, ұстаздар қа­уы­мының құқықтары, әлеуметтік ке­пілдіктері, міндеттемелері мен жа­уапкершілгі нақты айқындал­ғаны белгілі. Онда педагогикалық әдеп кеңесі деген ұғым пайда болып, пе­дагогикалық әдеп қағидаларының бұзылуын қарап, нәтижелері бо­йынша тиісті ұсынымдар енгізу, сон­дай-ақ, заң бұзушылықтардың ал­дын алуға бағытталған шара­лар­ды іскер асыру үшін білім беру ұйымдарында алқалы орган құру белгіленді. Мұның өзі мұғалім­дер­дің жеке дамуына және оқу про­це­сін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер береді. Артық жұмысқа, өзінің қыз­метіне кірмейтін жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, қағаз­бас­тылыққа, негізсіз тексеруге ты­йым салу арқылы жүктемені азай­татын жеке нормалармен бірге та­лаптарды күшейту жайы да қарас­тырылған. Әсіресе, әдеп мәсе­ле­ле­ріне жете көңіл аударылып, әр мектепте әдеп бойынша кеңес­тер институты іске кірісті. Нұр-Сұлтан қаласында тәжірибеден өткен қа­натқақты жоба оң нәтижесін бер­геннен кейін өңірлерде консуль­тативтік-кеңесші органдар құруға шешім қабылданып отыр.
Білім саласында сапаны қамта­масыз ету департаменті жанында жұмыс істейтін консультативтік-ке­ңесші органға 11 адам мүше. Олардың қатарында облыстық, қа­лалық мәслихат депутаттары, пе­дагогика саласының ардагер­лері, кәсіподақ ұйымының мүшелері бар. Бұл орган негізінен ұстаздар­дың педагогикалық әдеп норма­ларын сақтауын қадағалаумен ай­налысады. Сондай-ақ, ұстаздар қауымының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғатын кәсіби қызметіне арала­судан қорғау жайы да назардан тыс қалмайды.
Оқушыларға сапалы білім, са­на­лы тәрбие берумен айналыса­тын педагогтар кез келген қиын жағ­дайға тап болуы мүмкін. Мә­селен, ұжым басшылығымен не­месе ата-аналармен түсінбеуші­лік­тер орын алды делік. Міне, осын­дай кезде әдеп кеңесіне жү­гі­нуге құқылы. Педагогқа бол­ма­са басқа тұлғаларға қатысты қызметтік талқылаулар, тәртіптік тергеп-тексерулер де, қабылдан­ған шешімдер де жариялы түрде жүргізіліп, нақты жауаптылық ша­расы бірлесе отырып қабылда­на­ды. Бұл орайда, барлық ұсыным­дар жан-жақты ескеріледі.
Қарауға, талқылануға ұсыныл­ған кез келген мәселе заңда және педагогикалық әдеп қағидала­рын­да белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Марина БАНАРИНА,
білім саласында сапаны қамтамасыз ету
департаментінің бөлім жетекшісі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp