«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Павлодар облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
1 780 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 365 адам, анықтамасыз 415 Қазақстан азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 872 жолаушы, анықтамамен – 850, анықтамасыз – 22;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен – 322; анықтамасыз – 238;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 8 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 243 жолаушы, анықтамамен – 88; анықтамасыз – 155;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 53 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген барлық 213 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp