«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғамдық көлік машақаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айында әлеуметтік желі­ден Петропавл қаласына су жаңа жеті автобус келгені туралы ақпа­рат­ты оқыдым. Жыл соңына дейін қоғамдық көліктің тең жартысы жа­ңартылатыны туралы хабар да мені қатты қуантты. Жаңа автобус­тар әзір­ге №9 және №27 бағыттарға бұ­йырды. Ал “Береке” шағынауданын­дағы Сенная көшесі арқылы жүретін №23 және мен үнемі жүретін №24 бағыттарда автобустар саны жеткі­лік­сіз. Мұнда тұратындардың дені қа­ла орталығына баруға асығады. Се­бебі жұмысы сол жақта. Сондай-ақ, берекеліктер емханаларға көп қатынайды. Ірі сауда орындарының көбі Петропавлдың орталық бөлігін­де шоғырланғаны аян.

Таңертең балаларын балабақша мен мектепке апаратын азаматтар аял­дамада ұзақ тұруға мәжбүр. Се­бе­бі, жолаушыларға лық толы кө­лікке кішкентай баламен сыймай қа­лып қояды. Жұмыстарына да кеші­геді. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей жатыр. Кейбір ба­ғыт­тардағы автобустарды “Сенная база” аялдамасына дейін ұзартса, нұр үстіне нұр болар еді.

Гүлзат ҒАЗИЗОВА,
Петропавл қаласының тұрғыны.

Сурет: https://www.arnapress.kz/


ЕШ ӨКІНБЕЙМІН

Мен Есіл ауданының орталы­ғы – Явленка ауылының тұрғы­ны­мын. Өткен жылы шырайлы Шымкенттен солтүстікке от­ба­сыммен қоныс ау­дар­дым. Үкі­мет тарапынан көрсе­тіл­ген қол­дауды пайдаланып, егінді да­ла­сымен танымал Қызылжар өңі­рінің тұрғыны атандым.

Қоныс аудармас бұрын облыс­тың барлық аудандарын аралап шықтым. Біреуінде салынған бас­паналар көңілімнен шықпаса, енді басқаларының тұрғындары салқын қа­бақ танытқандай болды. Нәти­же­сінде, табиғаты шырайлы, жы­лы жүз­ді тұрғындары бар Есіл ауда­нында тұрақтауды шештім. 7 баспа­на са­лы­нып, жаңа көше пайда бол­ды. Жергілікті әкімдік балаларымды мектепке орналастыруға кө­мектес­кенін айта кеткен жөн. Кел­ген бетте бірден аудандық жұмыс­пен қамту бөлімінің мамандары келіп, тұрақты қызметке орналасуға ұсыныс жаса­ды. Мен еңбекқор адаммын. Осы елді мекенге қоныс аударуымның басты себебі – жеке кәсіп құру. Жос­парым – азық-түлік дү­кенін ашып, үй маңында жылы­жай салу. Өзімді ғана емес, екі қолға бір күрек тап­паған азаматтарды да еңбекпен қам­туды көздеймін. Кейін шаруашы­лы­ғымды кеңейтіп егін егіп, мал ұста­мақпын. Кәсібімді да­мыту үшін мем­лекеттік бағдарла­ма­лардың көме­гіне жүгінетін боламын. Солтүстік Қа­зақстан облысына кө­шіп келгеніме еш өкінбеймін.

 

Әділхан ТӨЛТАЕВ,
Явленка ауылының тұрғыны.
Есіл ауданы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp