«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИШІЛЕРІМІЗ БИІКТЕН КӨРІНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жерлестеріміз Алматы қаласында спорттық биден өткен Қазақстан чемпионатынан жүлделі оралды. Солтүстікқазақстандық құраманың қоржынында 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар.

Биылғы біріншілікке еліміздің 12 қаласынан келген 19 команда қатысты. Олар жасөспірімдер, жастар және ересектер тобында сынға түсті. Қатысушылардың өнері еуропалық және латынамерикалық бағдарламалар бойынша бағаланды. Ересектер арасында сынға түскен Кирилл Новиков пен Ярослава Кузнецованың жұбы қос бағдарламаның қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Ал жасөспірімдер арасында сайысқан Максим Сенькин мен Валерия Литвинова еуропалық биден бірінші орынға қол жеткізсе, латынамерикалық билер бағдарламасында күміс медальға лайық деп танылды. Ал жастар санатында Тимур Магафуров пен Софья Бурасова еуропалық бағдарламада үздік үштікті түйіндеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp