«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ ҚЫМБАТ СЫЙЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№2 коррекциялық мектеп-интернатында “Читающая школа” жобасы аясында “Дарите книги с любовью!” акциясы өтуде. Бұл шара 14 ақпан халықаралық кітап сыйлау күні бастау алды.

Мектеп оқушылары кітапхана қорын түрлі тақырыптағы әдебиеттермен толықтырып, акцияға өз үлестерін қосуда. Балалардың кі­тап оқуға деген ынта-ықыласын арттыруға атсалысқандар қатарында ұстаздар мен ата-аналар да бар. Олар шараны акцияның алғашқы күнінен қолдап, ертегілер жинақтарын, оқулықтар мен классикалық және көркем әдебиет туындыларын, энциклопедия мен анықтамаларды тапсырды. Орта буын мектеп оқушылары үшін тарихи повестер мен шытырман оқиғаларға толы кітаптар көп жиналды.
Игі бастаманы ұйымшылдықпен жалғастыр­ған ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбегін атап өтпеске болмас. Мектеп директоры Р.Кәкпенов, педагогтар Н.Коваленко, О.Громак, В.Гребенкин, А.Сарымсақова, Т.Сиденко, И.Агеева және тағы басқалары акцияға белсене қатысты.
Сөйтіп, кітапхана қорына 150 кітап түсті. Акцияны қолдаған азаматтар өтініштер мен арыздар журналына ізгі тілектерін жазып қалдырды.

Гүлнәр НҰРМАҚАНОВА,
№2 коррекциялық мектеп-интернатының кітапханашысы.

Сурет: https://mignews.com.ua/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp