«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСҚА ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда біздің облысымыздың аумағында 2711 шетелдік азамат тұрады. Өңірімізде 15-ші ақпанда басталған «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауын бақылауды көздейді. Осы кезеңде полицейлер шетелдік азаматтарды тіркелген жерлері бойынша тексереді, облыстың сауда орындары мен шаруашылықтарына рейдтер жүргізеді. Соның нәтижесінде заңсыз жұмысқа орналасудың жеті фактісі анықталды.

Мәселен, Тәжікстанның 41 жастағы тұрғыны Қазақстанға кірген кезінде жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, Шал ақын ауданында пластик терезелерді орнатумен айналасқан. Жұмыс беруші жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстанның үш азаматына қатысты әкімшілік материалдар жинастырылды. Облыс орталығында және Аққайың ауданында сот шешімімен көші-қон заңнамасының түрлі бұзушылықтары үшін екі шетелдік елден шығарылды. Алдағы бес жылда оларға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
Көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау басқа полиция қызметтерімен бірлесіп жүргізілуде. Мысалы, операцияның бірінші күні Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері көші-қон қызметі мамандарының көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін іздеуде жүрген 35 жастағы Ресей Федерациясының азаматының жүрген жерін анықтады. Іздеуге бастамашылық жасаған Ресей Ішкі істер министрлігінің Омбы облысы бойынша басқармасына хабарлама жіберілді.
Шетелден қонақтарды қабылдаған кезде көші-қон қызметіне олар туралы үш күн ішінде хабарлау қажет екендігін еске саламыз. Егер сізде электронды цифрлық қолтаңба болса, мұны egov.kz порталында қашықтан жасауға болады.
Талғат ӘБІЛОВ,

облыстық көші-қон қызметі басқармасының
бастығы, полиция подполковнигі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp