Жұмысшылардың еңбек қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық салада мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйым – кәсіподақтар еліміздің қоғамдық-саяси өмірінен де тыс қалған емес. Кәсіподақ өкілдері 10 қаңтарда өткен сайлауға да белсене қатысты. Қазақстанның азаматтық альянсы және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың бақылаушыларымен қатар кәсіподақтар атынан 200 бақылаушы партиялық емес бақылау орталығының құрамында сайлау барысын қадағалады. Кәсіподақ бақылаушылары 100 сайлау учаскесінде жұмыс істеді.
Сайлау күні облыстық штаб мүшелері барлық бақылаушылармен тығыз байланыс орнатып, өтініштерге жедел жауап берді, көмек көрсетіп, ақыл-кеңестерін айтты. Мұның барлығы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне септігін тигізді.
Сайлау науқанының қорытындысы бойынша кәсіподақтардың еңбегі жоғары бағаға ие болды. Атап айтқанда, облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Мұрат Қалиевке сайлауға белсене қатысқаны үшін облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілгені – біздің ұйым үшін зор мәртебе.
Виктория РЕЗИНКИНА,
облыстық кәсіподақтар орталығы
бастауыш партия ұйымының төрайымы.