Айыртау ауданының полиция қызметкерлері ұрлықтың бетін ашты. Арықбалық ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Абылайхан Рамазановтың назары мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің бірінің ашық тұрған терезесіне түскен. Бірден құрылысшыларымен хабарласқан. Олар оқиға орнына келіп, 10 дана жылу батареясының жоғалғанын анықтаған. Келтірілген шығынның сомасы 500 мың теңгені құрады.
Жедел уәкілдер елді мекенді тексеру кезінде ұрланған заттың бір бөлігін тапты. Алты жаңа батарея салынып жатқан құрылыстың бірінің аумағындағы қардың астына көміліпті. Көп ұзамай күдіктілер анықталды, олар 20 және 22 жастағы жергілікті екі тұрғын болып шықты. Олардың біреуі бұрын құрылыста жұмыс істеген екен. Жылу батареялары тергеу аяқталған соң заңды иесіне қайтарылады.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің жетекші маманы.