Биыл елімізде ғұмырларын қазақ халқының бақытты болашағы, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қалыптасуы жолында сарп еткен бірқатар айтулы тұлғалардың мерейтойлары аталып өтіледі.
Солардың бірі қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толмақ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрлігіне жыр жампозының туған күнін өз деңгейінде атап өту шараларын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Біздің газетіміз де атақты тұлғаның өмірі мен шығармашылығын насихаттау бағытында көптеген игі шараларды жоспарлап отыр. Бүгінгі “Әдебиет” беті (5-бет) ақын Жамбыл Жабаевтың шығар-машылығына арналып отыр.