«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Германиядан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі таңда облысымызда алимент төлеуден қашып жүргендер мен туыстарына хабарласпай кеткендер іздестірілуде. «Борышкер» жедел-профилактикалық шаралар шеңберінде олардың жүрген жерлерін анықтау жұмысы күшейтілді. Іс-шара көші-қон қызметі және басқа да полиция бөліністерімен өзара-іс-қимыл жасай отыра жүргізілді.

Ақпан айының басында Тайынша аудандық полиция бөліміне 52 жасар бауырының тағдырына алаңдаған жергілікті тұрғын жүгінген. Нәпақа табуға кеткен ол қыркүйектен бері байланысқа шықпаған. Ер адамның жүрген жерін анықтау үшін полицейлерге екі күн қажет болды. Ол ресми түрде жұмысқа орналаспаған, астаналық шаруашылықтардың бірінде түрлі жұмыс істеп жүрген. Әйел адамға ағасымен сөйлесуге мүмкіндік жасалып, ол бірнеше айдан соң бауырының дауысын естіді.
– Борышкерлерді іздеу, көбінесе, олардың шетелде болуына байланысты қиындық туғызатынын айта кету керек, – дейді облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Талғат Әбілов. – Мәселен, борышкерлердің бірі ертеректе Германияға кеткен екен. Көші-қон қызметінің мамандары ер адаммен хабарласып, сот шешімі бойынша алимент бойынша борышы барын айтқан. Ресми органдар оның жүрген жерін растағаннан кейін, материал сот орындаушыларына тапсырылады.
Іс-шара барысында отбасылық байланысын жоғалтқан және алимент төлемеген бірнеше адамның және 12 борышкердің жүрген жері анықталды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің жетекші маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp