«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған нөмірлі жүк көлігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде отын тиеген «Урал» жүк машинасын тоқтатқан. 

Тексеру кезінде нөмірлік белгілері басқа көліктікі екені, ал рөлде отырған Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғынының машинаны жүргізу құқығы жоқтығы анықталды. 2014 жылы ер адам жүргізуші куәлігінен алты жылға айырылған екен. Бұл мерзім өтсе де, ол жүргізуші куәлігін қайта алмаған. Дегенмен, ауыл тұрғыны үшін бұл жағдай жұмысқа орналасуға кедергі болмаған. Нөмірлерге қатысты ол шатастырып алғанын айтып ақталған. Құқық бұзушыға көлік құралын қажетті құжаттарсыз басқарғаны және жалған нөмірлік белгілерді пайдаланғаны үшін жауап беруге тура келеді. Жүк көлігінің иесі Қызылжар ауданының 59 жастағы тұрғыны техниканы жүргізуші куәлігі жоқ адамның басқаруына сеніп тапсырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Операция жүргізілген уақыт аралығында облыс жолдарында 1591 түрлі құқық бұзушылық, оның ішінде жылдамдықты асырудың 81 фактісі тіркелді, 17 жүргізуші мас күйде рөлге отырған.

Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті
 ішкі және сыртқы коммуникациялар
 бөлімінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp