«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРТЫСТЫ ІРІКТЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жасөспірімдер арасындағы белбеу күресі мен жекпе-жектен Қазақстан чемпионатының өтетін уақыты жақындап қалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған байрақты бәсекелерге дайындық қыза түсті. Петропавлдағы Ұлттық спорт түрлері мектебінде облыс спортшыларының соңғы іріктеу сайыстары өтті.

Шараның мақсаты өңірдегі үздік балуандардың арасынан үздіктерді анықтау. Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Руслан Арықовтың айтуынша, пандемия кезінде жарыстар өтпегендіктен ішкі іріктеуге назар ерекше.
– Белбеу күресіне 2006-2008 жылдары, ал жекпе-жектен өтетін ел біріншілігіне 2008-2010 жылы туған 80-ге жуық спортшы қатысуда. Өңір намысын қорғайтын спортшыларды анықтау үшін оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Барлығы 5 ауданның құрамалары мен Петропавлдан үш команда қатысуда. Араларынан бірінші нөмірлі балуандарды анықтадық. Үлкен сенім артып отырмыз, – дейді Руслан Арықов.
Белбеу күресінен биылғы ел біріншілігі 4-6 сәуір аралығында алғаш рет Қызылжар төрінде өтпекші. Біріншілікке елдің түкпір-түкпірінен 17 команда қатысады. Жарыс ережесіне сәйкес алаң иелеріне әр салмаққа екі спортшыдан қатыстыруға рұқсат берілген. Ал жекпе-жек шеберлері 9-11 наурыз күндері аралығында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық додаға жолдама алды. Ұлдар 9, ал қыздар 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp