Өткен жылдың 17 және 19 желтоқсан күндері қалалық полиция басқармасына Петропавлдағы сауда орнының аумағында әмиян ұрланғаны жөнінде екі арыз келіп түскен болатын. Белгісіз қылмыскерлер сатып алушылардың ақшасын, құжаттары мен банк карталарын қолды қылған. Жан-жақты жедел тексерістерден кейін Петропавл полицейлері 21 және 25 жастағы күдіктілердің бұл қылмыстарға қатыстылығын анықтады. Олар бірге тұратын туыстар болып шықты. Екеуі де бұрын осындай қалта ұрлығын жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Күдіктілер Петропавл қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің елордаға қызметтік іссапары барысында ұсталды.
– Екі қыз да келтірілген шығынды өтеуге дайын және жасаған әрекеттеріне өкініп отыр, – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов. – Бүгінгі таңда қалта қағу көп жасалмайтын ұрлық түрі. Барлық жерлерге бейнебақылау камераларын орнату және басқа да профилактикалық шаралар өткізу бұл қылмыс түрін жасау мүмкіндігін азайтты. Өткен жылы облыста 12 қалта ұрлығы тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 33 пайызға төмен.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.