«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

Өткен тәулікте Қазақстан аумағына Германия, Литва, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.
3 155 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 498 адам, анықтамасыз 657 ҚР азаматтары келді. 
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 998 жолаушы, анықтамамен – 1 633, анықтамасыз – 365;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 155 жолаушы, анықтамамен – 863; анықтамасыз – 292;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 20 ақпанда шетелден анықтамасыз келген барлық 327 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp