«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғын үй бағасын төмендетудің мүмкіндіктері қарастырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отбасы банкі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаны ұстап тұру үшін жеке құрылыс салушылармен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Құрылыс компанияларымен офтайлдық келісімшарттар жасалады. Бұл туралы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында айтты.

«Тұрғын үй бағасының өсуіне жол бермеу үшін мемлекеттік қаржыландыруды тартпастан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жеке құрылыс салушылармен бірге қанатқақты жобаны бастау ұсынылды», – деді ол.
Үкімет отырысында көрсетілген банк басшысының тұсаукесерінен шығатын болсақ, сатылатын тұрғын үйдің баға санаты бір шаршы метр үшін 300 мың теңгені құрайды.
Осыған дейін Ләззат Ибрагимова БЖЗҚ инвесторларына тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін жинақ ақшасын алуға асықпауға кеңес беріп, мамыр-маусым айларында Қазақстандағы баспана бағасы өткен жылғы деңгейге оралатынын айтқан болатын.
– Бұл, әрине, сатушының нарығы. Адамдар осындай шұғыл сұраныспен пәтеріне көбірек ақша алғысы келеді. Меніңше, сіз күтуіңіз керек, ал нарық өзінің қазіргі жағдайына, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына келеді. Менің ойымша, мамыр айының ортасына қарай, маусым айында баға 2020 жылдың деңгейіне оралады, –дейді Ләззат Ибрагимова.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp