«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰБТ-дан шет тілі алынып тасталғаны рас па?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік желіде мектеп түлектері шет тілінен Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмайтыны туралы жаңсақ пікірлер тарап жатыр.

Пікір білдірушілер мектеп түлектерінің орта білімді аяқтай салып, мұхит асып кететінін жазды. Бұдан өзге, таралып жатқан мәліметте жуырда мектептерде бірқатар пәнді оқыту тоқтатылады деп айтылған.
«Себебі дене шынықтыру пәні – Қазақстаннан қалай қашуды, география пәні – қай елге қашуға болатынын, ал тарих пәні елден неліктен қашу керектігін үйретеді. Әрине бұл әзіл екені анық, бірақ адамдардың көбі мұны шынайы ақпарат ретінде қабылдаған», дейді желі қолданушылары.
Stopfake.kz сайты мәлім еткендей, Қазақстанда ҰБТ-дағы бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбаған.
«ҰБТ-дан шет тілін және басқа да пәндерді алып тастау туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерден тараған ақпаратты пайдалануыңызды сұраймыз» делінген Ұлттық тестілеу орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында.
«Ал әзіл – ресейлік блогер Вера Афанасьеваның шет тілін бірыңғай мемлекеттік емтиханнан (ҰБТ аналогы) алып тастау туралы жаңалық бойынша жазған постынан алынған калька. Ресей Білім министрлігі үстіміздегі жылдың қаңтарында міндетті бірыңғай мемлекеттік емтиханнан шет тілін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын», деп нақтылады Stopfake.kz.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp