«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.02.2021

ҚЫЗЫЛЖАР – ЖЕҢІМПАЗДАР МЕКЕНІ

Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Сол жетістіктердің арасында спорттағы жеңістердің орны бөлек. Қазақстандық спортшылар әлемдік ареналарда талай атой салып, көк туымызды биікте желбіретіп, әнұранымызды дүниенің төрт бұрышына естіртті. Қызылжар өңірінің оғландары да дүбірлі додаларда алдына қара салмай, алтыннан алқа тағынды. Бұл жеңістердің бәріне Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізгенімізді ұмытпағанымыз абзал.

АЛАР АСУЫМЫЗ БИІК

Елімізде спортты дамытуға екпін берілуде. Жаңа клубтар құрылып, көптеген спорт нысандары салынды. Осының барлығы Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты десем артық болмас. Соның ішінде мемлекет тарапынан ерекше қолдауды сезінген спорт түрлерінің бірі – велоспорт. Спортшыларымыз әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғауда.

Азаттық айбары

1991 жылдан бергі отыз жыл уақыт көзді ашып-жұмғандай өте шықты. Қазақстан Республикасы осы 30 жылдың үдесінде әлемге үлгі боларлық жасампаздық жолынан өтті. Ел ішіндегі берекелі, бейбіт тұрмыс, түрлі этностардың рухани келісімі, тату-тәтті бірлік қандай ғанибет?! Мұның бәрі – өрлеген өндірістің, әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың жемісі.

Jeŋıstı jylnama

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы, жерлесіміз Жанат Жақиянов 2017 жылы АҚШ-тың Огайо штатында өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, “WBA” нұсқасы бойынша “Супер чемпион” атанды. Жерлесіміз кезекті кездесуінде америкалық Роуши Уорреннен басым түсті. Жанат Жақияновқа бұл жеңісі үшін облыс әкімі атынан пәтер кілті табысталған болатын. Бүгіндері спорттық мансабын аяқтаған жерлесіміз Камиль Сафин атындағы бокстан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер …

Jeŋıstı jylnama Read More »

БӘСЕКЕЛЕСТІК БӘСІ – БІЛІМДЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс-қимыл кезеңі” атты халыққа арнаған Жолдауында оқушылар мен студенттерге қолжетімді әрі сапалы білім берудің басты міндеттерін анықтап берді. Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке “Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын” әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіби білім берудің барлық жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптасты­руға бағыттауға, кәсіпкерлердің жаңа буынын …

БӘСЕКЕЛЕСТІК БӘСІ – БІЛІМДЕ Read More »

ӨЗЕГІМДІ ӨРТЕЙДІ БІР ӨКІНІШ

Өткен өміріме көз салсам, күнгейі­нен көлеңкелі жағы көбірек, жақсылығынан жамандығы басымдау секілді көрінеді де тұрады. Қиыншылыққа, торығуға, күрсініске толы күндерім еске түссе, тамағыма ащы өксік тығылып, өкініштің кермек жасы жерге үзіліп түскендей болады. Жастарды жаман әдеттерден, жеңіл ойлаудан, асығыс шешім қабылдаудан сақтандырғым, апалық ақылымды айтқым келеді. Бақ та бағалай білгеннің басына қонады, оны аялай біліңдер. …

ӨЗЕГІМДІ ӨРТЕЙДІ БІР ӨКІНІШ Read More »

СУ ҚОРЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ

Өңіріміздің метеорологта­ры құт­қарушылармен бірге елді мекендер мен өзендердің қар жамылғысындағы су қорына зерттеу жүргізуде.

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАР

Соңғы күндері өңірімізде ауа райының күрт нашар­лауы­на байланысты барлық бағыттағы тасжолдар жа­былды. Сондай-ақ, тұрғын­дарға алыс жолға шықпау қа­жеттігі туралы ақпарат “Дар­мен” қосымшасы және “SMS”-хабарламалар арқылы таратылды. Алайда, ескерту­лерді елемегендер табы­лып отыр. Боранды күндері қар құрсауынан 55 техника шы­ғарылып, 145 адам құтқа­рылды. Бұл жөнінде облыс­тық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өт­кен баспасөз мәслихатында ай­тылды.

КӘСІПТІҢ НӘСІБІ БАР

Мал шаруашылығы – атадан келе жатқан кәсіп түрі. Мемле­кет тарапынан бұл салаға жыл сайын айрықша қолдау көрсе­ті­леді. Былтыр “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қо­ры” ак­цио­нерлік қоғамының облыстық филиалы 526 млн. тең­ге­нің 30 жобасын қаржыландырған. “Мал шаруашылығын да­мы­ту” бағ­дарламасы аясында шаруа қожалықтары 1400-ге жуық ірі қа­ра сатып алып, бизнес аясын кеңейткен. Басым бө­лі­гі Уәли­ха­нов, Мағжан Жұмабаев, Тайынша …

КӘСІПТІҢ НӘСІБІ БАР Read More »

Алаяқтар «Instagram»-да жүргізуші куәлігін сатуда

«Instagram» әлеуметтік желісінде жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын «кәсіпкерлердің» жарнамасы жарияланды. Жарнама авторларының айтуынша, бұл заңды және жүргізуші куәлігінен ресми түрде айырылған адамдар да оны сатып ала алады.

Зейнетақы жинағына қандай ем алуға болады?

Биыл 2 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануға қатысты заңға қол қойған соң, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланғаны белгілі. Зейнетақы жинағынан алуға болатын соманы БЖЗҚ сайтынан көруге болады. Сонымен қатар зейнетақыны пайдалану бойынша медициналық қызметтердің тізімі бекітілді.

Депутаттар көмегі

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллонынан болған жойқын жарылыс халық қалаулыларын да бейжай қалдырмады. Облыстық мәслихаттың депутаты Ольга Клишина зардап шеккендерге көмекке ұмтылды. Ол көп жылдан бері «Клишина» ЖК-не жетекшілік етеді. Мектептер мен ауруханаларға дәмділігі тіл үйіретін тамақ дайындап, жеткізумен айналысады. Оқыс оқиғаның алғашқы күні үй-күйсіз қалған 120 адамға ақ дастарқан жайып, ыстық тағам …

Депутаттар көмегі Read More »

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

Абылай ханның сенімді серіктерінің бірі – Құлеке батырдың туғанына биыл – 311 жыл. Жуырда «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешенінде зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдар мен тарихшылардың қатысуымен «Қос батырдың бірі – Құлеке» тақырыбында онлайн-шара өтті. Ол жерлес жауынгерді еске алумен қатар тарихымыздың баға жетпес қазынасын, қазақ батырларының ерлікті істерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

АУЫЛДА ЕСІРТКІ ЖАСАҒАН

Облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатып келген отбасын анықтады. Есірткілік заттар Петропавл қаласында сатылғаны анықталды. Ал оны жасайтын орын қаладан 120 шақырым жерде Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан екен. Есірткі зертханасында синтетикалық «тұзды» жасау үшін желдетілетін бөлме жабдықталған, колба, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныс костюмдері мен респираторлар болған. Бұл криминалдық бизнеспен ер адам …

АУЫЛДА ЕСІРТКІ ЖАСАҒАН Read More »

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент телерадиокешенінің 25 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент телерадиокешенінің 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

Өсім төмендемеуі тиіс

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтіп, екі мәселе талқыланды. Бірінші мәселе бойынша экономика басқармасының басшысы Арсен Қазбеков баяндама жасап, қаңтар айындағы облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары жайлы айтып берді.