«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА – ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қарекет» қайырымдылық қоры Петропавлда төрт баласы бар жалғызбасты анаға тұрғын үй сертификатын табыс етті.

Баспана тауқыметін тартқан Динара Көшеғалина – Қызылжар өңірінің тумасы. Ол 2016 жылдан бері бала-шағасымен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Тұңғышы әскер қатарында азаматтық борышын өтеп жатса, кенжесі  7-ге енді толмақ. Алайда, ұлы 18 жасқа толған соң, Динара мемлекет тарапынан берілетін барлық жәрдемақыдан қағылды. Қазіргі уақытта жалғыз өзі жұмыс істеп, балаларын асырап отырған келіншекке бұрынғы күйеуінен ешқандай көмек жоқ. Оның қол ұшын созып, көптен күткен арманының орындалуына жәрдемдескен «Қарекет» қайырымдылық қорына алғысы шексіз.
– Анамның қиналғанын көріп, қалай қолдау көрсетеміз деп уайымға берілген сәттеріміз аз болмады. Шыны керек, кейде пеш жағуға отын таба алмай қалатын кездер де кездесті. Киерге киім болмағанда біз анамыздың мейірімімен жылындық. Жалғыз өзі қандай жұмысты болмасын жатсынбай атқарып, бізді осы күнге аман жеткізді. Сол үшін анама дән ризамын, – деді қызы Ақжелең Көшеғалина.
«Қарекет» қайырымдылық қоры 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жомарт жандардың арқасында осы уақытқа дейін еліміздің барлық өңірінен 417 мұқтаж отбасы баспанаға қол жеткізді. Соның ішінде он баспана Қызылжар өңіріне бұйырды.
Бәйімбет ҚҰБАЙДОЛЛА,
«Қарекет» қайырымдылық
қорының волонтері.
   
   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp