«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы ипотеканың қанша теңгеге айналатынын айтып берді.
«Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда жергілікті атқарушы органдардан жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын ашу ұсыныстары түсіп жатыр. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй бағасы – шамамен 13 млн теңге. Бұл баға қайдан шықты? Біріншіден, бағдарлама қабылданған кезде бастапқы және қайталама нарықтардағы бір бөлмелі пәтердің нарықтық бағасы шаршы метріне 280-320 мың теңге аралығында болды және есептеу кезінде осындай сома шығарылды», деді Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикер осы бағдарлама бойынша бір бөлмелі пәтерге ай сайынғы ипотекалық төлем қанша болатынын айтып берді.
«Егер осы бағдарлама аясында 13 млн теңгеге ипотека рәсімделсе, ай сайынғы төлем шамамен 101 мың теңге болады, бастапқы жарна 10% құрайды. Бұл есептеулер ай сайын пәтерді жалға алуға орташа есеппен 100 мың теңге жұмсалатынын ескере отырып жүргізілді және ипотеканы рәсімдеу кезінде төлемдер сомасы осы шектен аспайтын болады», деп түсіндірді Жансұлтан Матаев.
https://egemen.kz