Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Лепота” шығармашылық студиясының жетекшісі, суретші әрі фьюзинг шебері Анна Германмен кездесу өтті.
Фьюзинг шеберінің әйнектен жасаған туындылары кез келген жанды таңғалдырады. Бүгінде оның туындыларына қызығушылық танытатындар көп. Фьюзинг – бұл шыныны декорациялаудың бір әдісі. Ол арнайы пеште жоғары температурада қыздырылады. Анна 10 жылдан астам уақыт бойы фьюзингпен айналысады. Қазір оның туындылары Қазақстан мен Ресейде, Европаның көптеген қалаларында сұранысқа ие. Сонымен қатар ол республикалық және халықаралық көрмелерге жиі қатысады.
Шебер қашықтан өткен кездесуде өзінің сүйікті ісі туралы кеңінен әңгімелеп, көрермендерге шығармашылықпен қалаған уақытта айналысуға және өз армандары мен идеяларын батыл жүзеге асыруға кеңес берді.