«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫР ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық соттың 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындылары айтылды. Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов БАҚ өкілдерін сот төрелігін іске асыру нәтижелерімен таныстырды.

Карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты 29 мыңнан астам сот отырысының 20 мыңға жуығы онлайн-форматта өткізілген. «Үлгілі сот» жобасы өз тиімділігін көрсетті. 14 әкімшілік ғимаратта фронт-офис ашылды. Олардың бәрі жаңа стандарттарға сәйкес жабдықталған. Сот актілерінің сапасын жақсарту, сот процесін оңтайландыру, электрондық сот ісін жүрізу бағыттары бойынша көп жұмыстар атқарылды. Судьялардың кәсіби қызметін бағалаудың жаңа әдістемесі қабылданды.
Биыл 1 шілдеден бастап Президент тапсырмасымен қабылданған Әкімшілік кодекс заңды күшіне енеді. Мұның өзі азаматтарға мемлекеттік органдармен дау-дамайларды шешуде жеңілдіктер береді. Мамандандырылған әкімшілік соттар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттар болып аталады. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері күшейтіліп, олардың өзін-өзі басқару органдары қайта құрылады. Барлық судьяларға сот жүйесінің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға мүмкіндік беріледі. Сот ісін жүргізуді барынша жеңілдету, сот шешімдерінің сапасын арттыру шаралары жалғасады. Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту назардан тыс қалмайды.
Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко өткен жылы 1114 қылмыстық іс түскенін, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 24,5 пайызға азайғанын жеткізді. 958 адам айыптау үкімін алып, 11 адам ақталды. Алайда, соттарға келіп түскен қылмыстық істерге қарасақ, аса ауыр және ауыр қылмыстар көрсеткіші 55,9 пайызға артқан. Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау фактілері бойынша қаралған істердің саны 63,9 пайызға көбейген. Аппеляциялық шағымдар бойынша 285 іс қайта қаралған.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұловтың айтуынша өткен жылы 10313 азаматтық іс жүргізу аяқталған. 1289 іске қатысты татуластыру рәсімі қолданылған.
Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,
облыстық соттың баспасөз хатшысы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp