«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз сақталған қару

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер Қызылжар ауданы тұрғынының бірінің үйінен «ИЖ» маркалы қарулар тауып алды. Тәртіп сақшылары «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару иелерін тексерген. Мал өсірумен айналысатын 40 жасар ауыл тұрғынын тексеру кезінде оның «ИЖ» маркалы тіркелген екі мылтығының біреуін сейфке салмай сақтағаны анықталды. Тексеру барысында полицейлер тіркелмеген тағы екі аңшы мылтығын, сондай-ақ бір «ИЖ-56 Белка» қаруын тапты. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 287-бабы, яғни «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Аудан тұрғынының сөзінше, тіркелмеген қаруларды ол жолдың жиегінен тауып алған. Полицейлер қажетті сараптама тағайындады, оның нәтижесі бойынша қаруларды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылатын болады.
«Қару» операциясын өткізу кезінде лицензиялау және рұқсат беру жүйесінің қызметкерлеріне учаскелік инспекторлар және басқа да бөліністің мамандары көмектесті. Операцияның үш күні ішінде 3047 қару иесі тексерілді. Заңсыз сақталған 13 мылтық тәркіленді.

Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы.

 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp