«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде 28 ақпаннан бастап бірқатар шектеу шаралары алынып тасталатын болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әсет Жұматаев айтты.

Бірер күннен соң мешіттер мен мәдени нысандардың жұмысы жанданады. Атап айтқанда, облыс орталығында орналасқан мешіттерге жұмадағы құлшылық етуден басқа уақытта келушілер саны 100 адамнан аспайтын намаздарды өткізуге рұқсат етілді. Ал жұма күні ауыл мешіттерінде бұл рәсімді ұйымдастыруға шектеу қойылмайды. Бірақ қасиетті күні елді мекендердегі Алланың үйі 25 пайызға дейінгі көлемде ғана тұрғындарды қабылдауға тиіс.
Театрлар да өз жұмысын бастамақ. Мұнда да адамдар саны шектеулі болуы шарт. Мәдени нысандар бұрынғыша көрермендерді шахмат тәртібінде отырғызып, барлық санитарлық талаптарды орындауға міндеттеледі. Топтық даярлық кезінде адамдар саны 50-ден аспауы талап етіледі. 28-інен бастап жексенбі күнгі локдаун да алынып тасталады. Сауда-ойын-сауық орталықтарының күндлікті жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 24.00-ге дейінгі аралықта деп бекітілді. Бірақ мұндай жерлерге баратын адамдар санына 30 пайыздық шектеу қойылып отыр. Бұл талап жабық базарларға да қатысты. Олардың жұмыс уақыты сағат 9.00-20.00 аралығында. Балалар кабинеті, қосымша білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс жүргізеді. Қоғамдық тамақтану нысандары бір үстел басына 4 адамнан артық отырғызбау және адамдар санын 50-ден асырмау талабымен қызметін жалғастыратын болады. Сондай-ақ, қалааралық және облысаралық автобустар қозғалысы қайта жанданады.

Гүлбике КУБЕНОВА,   

“Soltüstık Qazaqstan”. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp