1 Nauryz – Alğys aitu künı
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаны белгілі. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығын мерекелеу аясында Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осы күнді Алғыс айту күні деп бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Биыл алтыншы рет атап өтілетін мейрам мән-мағынасы жағынан толығып, мазмұны байып, жұртшылықтың санасында 130-дан астам этнос өкілдерінің басын біріктіретін достық, ынтымақтастық сипаттағы мереке ретінде орнықты. Лайықты түрде атап өтудің өзіндік дәстүрі мен тағылымы қалыптасты.
Алғыс айту күні – түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қазақ жері мен қонақжай жұртқа деген ерекше ілтипатының белгісі. Мереке тарихымыздағы ең ауыр да қиын уақыттарды естен шығармауға, қазақ халқының дарқандық пен кемеңгерлік өнегесін жас ұрпақтың біліп өсуіне ықпал етуді көздейді.
Алғыс айту күніне арналған материалдарды 4, 5-беттерден оқи аласыздар.