«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚАДАЙ САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қалалық өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Жаттығу сценарийі бойынша “Солтүстік Қазақстан электр-желілік тарату компаниясы” акционерлік қоғамының аумағында “өрт” шығады. Мекеме аумағында орналасқан нысандардың бірінен шыққан жалын жоғары қабаттарға қарай тарайды. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан орын алған. Компания қызметкерлерінің өміріне қауіп төнеді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 41 құтқарушы мен 6 арнайы техника жұмылдырылды.
Өртсөндірушілер түтін құрсауында қалған мекеме қызметкерлерін тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ, қызыл жалынның көрші тұрған ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ. Өртсөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде от ошағы толық ауыздықталды.
Тактикалық оқу-жаттығулардың қорытындысына сәйкес барлық бөлімдердің өртсөндірушілері қойылған тапсырмаларды тиянақты орындап шықты. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камалов қызметкерлердің кәсіби даярлығын жоғары бағалады.
Ернар РҮСТЕМ,
№3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp