Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 25 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте елімізге Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.
2 178 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 682 адам, анықтамасыз 496 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен – 877, анықтамасыз – 292;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 009 жолаушы, анықтамамен – 805; анықтамасыз – 204.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 24 ақпанда шетелден анықтамасыз келген барлық 284 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
https://egemen.kz