«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық құрамаға алынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық спортшылар Алматы қала­сында аралас жекпе-жектен өткен ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Жерлестеріміздің еншісінде 1 күміс және 2 қола медаль бар.

Ел біріншілігінде 70 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ержан Теміржанов төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, екінші орынға қол жеткізді. Жерлесіміз облыстың “ММА” спорты тарихында ұлттық құрама сапына алынған алғашқы қызылжарлық атанды. Ал 65 килограмм салмақта жұдырықтасқан Жанат Қабдөш қола медаль тағынды. Үздіктер қатарынан көріне білген қос спортшы да – “СҚО “Сұңқар” панкратион жекпе-жек федерациясы” қоғамдық бірлестігінің мүшелері.
Аталмыш жарыста “Beybars” спорт клубының спортшысы әрі бапкері Дулат Аяжановтың да бағы жанды. Бұл – жерлесіміздің қатысып отырған үшінші чемпионаты. Бұған дейін жерлесіміз 65 килограмм салмақта өнер көрсетіп келген болатын. Бұл жолы ол 62 килограмм салмақта сынға түсіп, қола медаль олжалады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp