«ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕРЛЕР»
Облыс орталығындағы «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан «Қайырымды кәсіпкерлер» алқасы құрылды. Оның алғашқы отырысына жергілікті бизнес иелері қатысты.
Облыс орталығындағы «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан «Қайырымды кәсіпкерлер» алқасы құрылды. Оның алғашқы отырысына жергілікті бизнес иелері қатысты.
Жауыз анасынан оңбай таяқ жеп, ес-түссіз күйде ауруханаға түскен сәби көз жұмды.
«Мен мұндай полицияны бұрын еш жерде көрмедім…». Түрік азаматы Мустафа Девилоглы Солтүстік Қазақстан полицейлеріне алғысын осылай жеткізіпті. Ол «Volvo» ауыр жүк көлігімен Түркияға 20 тонна зығыр әкетіп бара жатқан. Солтүстіктің сақылдаған сары аязында автокөлігі істен шығады. Мұндай суықты көрмеген ол қатты қорыққан. Көмек сұрап көліктерді тоқтатқанымен, не қазақша, не орысше білмейтін ол жағдайды түсіндіре алмаған. …
Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар мектебінің жетекшісі, халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметi орталығының бөлім меңгерушісі Жарқын Жұпархан 26 ақпан күні Тараз қаласында өткен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысында жүлделі 3-орынды иеленді.
Осыдан 22 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың 1 наурызында еліміздің басты саяси ұйымы – «Nur Otan» партиясы құрылған болатын. Жыл сайын осы күні партияның облыстық филиалында салтанатты жиындар өтеді. Биыл сайлауалды үгіт-насихат кезінде ерекше белсенділік танытқандар марапатқа ие болды.
Солтүстік Қазақстан облысында 11 807 адам зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Олардың жеткіліклік шегінен асатын қаржысының жалпы соммасы – 21 млрд. теңгеге жуық. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының ішкі статистикасына сәйкес, өңірде 134 салымшы 10 миллион теңгеден астам қаражат алу мүмкіндігіне ие.
Қиын-қыстау уақытта қазақ жерінен пана тауып, ұлтымыздың мейірімі мен қонақжайлығына тәнті болған сан түрлі этнос өкілі жыл сайын Алғыс айту күнінде жергілікті халыққа ризашылығын білдіруді дәстүрге айналдырған. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке биыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде аталып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысқан салтанатты шарада бірлік пен татулықты ту етіп, бір шаңырақ …
Облыс әкімі ата-аналардың балабақшаларда қосымша орындар ашу туралы ұсыныстарына «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пікір білдірді.
Петропавлда оқушылар арасындағы X қысқы гимназиада бастау алды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған дәстүрлі сайысқа еліміздің он үш өңірінен келген 1300-ден астам спортшы қатысуда.
Елімізде сот шешімімен мыңнан астам ломбардтар жұмысын тоқтатады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2020 жылдың екінші жартысында 1,7 мың ломбардтың әрекетіне қатысты сотқа шағым түскен.
Кейбір дерт түрлерін, соның ішінде тісті протездеу мен стоматологиялық импланттарды емдеу үшін бір реттік зейнетақы төлемін қолдануға болады.
“Құсы ауған көл жетім, елі ауған жер жетім” дегендей, Суаткөл мен Ілияның да құлазып жатқанын қарашы… Иә, иә… Кеше ғана мынау үкісі бұлғақтаған шоқ-шоқ қамыс, анау айдын бұла табиғаттың ешқашан сыны бұзылмас бір берекелі пұшпағындай боп көрінуші еді. Осынау құтты мекеннің қойны мыңғырған мал мен қыбырлаған жанға толы кезде ғана солай екен ғой. Ал қазір …
2005 жылдан бастап елімізде қарт адамдар арасында кедейліктің алдын алудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі енгізілген болатын. Бұл қосымша ақы зейнетақы заңнамасындағы талаптарға сәйкес зейнет демалысына шыққан азаматтарға ғана тағайындалады. Бұған дейін елімізде базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге бірдей мөлшерде төленетін, ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап төлемнің бұл түрін тағайындау әдісі өзгеріске ұшырады.
Қай заманда да адамдарды қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі мен өзара түсіністік. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел болатынын еске салды. Менің туған жерім де, Отаным да – Қазақстан. Тыныштық пен тұрақтылықты басты құндылыққа айналдыра білген елдің азаматы екенімді мақтан тұтамын.
Америкада алғыс айту күні 25 қарашада тойланады. Аңыз бойынша мұхиттың арғы жағындағы құрлықты отарлаушылар 1621 жылы қаhарлы қыстың құрсауында қалып, аштыққа ұшырайды. Сонда жергілікті үндістер аяушылық танытып, бірнеше күркетауық әкеліп, тамақтандырады. Мұндай қайырымдылықты басқалар да қолдап, дүйім жұрттың көктемге аман-есен жетуіне себепші болған деседі. Сол кезден бастап Жаратушыға құлшылық ету және көмек қолын созғандарға ризашылық …
Наурыздың 1-і – Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні. Қазақстандықтар бұл күнді Алғыс айту мейрамы ретінде де кеңінен атап өтеді. Басқа мерекелерге қарағанда, бұл күн мазмұны жағынан да өзгеше.
Мен көпбалалы анамын. Бар арманым, жатсам да, тұрсам да ойлайтыным – екі ұлым мен екі қызымды қатарынан кем қылмай өсіріп, ел қатарына қосу. Осы жасыма дейін өмірдің ащы-тұщысын біраз таттым. Тағдыр салды, мен көндім деп қол қусырып отыра бергеннен тірлік оңалмайды. Кез келген ананың тілеуі балапандарының амандығы, жарқылдап ойнап-күліп жүргені емес пе?
Өңіріміздегі түрлі этнос өкілдері арасында тату-тәтті тұрып жатқан күрд бауырлар ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын кең-байтақ қазақ жеріне күштеп көшіріліп, тұрғылықты халықтың мейірімі мен шапағатына бөленгендерін әсте ұмытпайды. Ол жөнінде күрдтердің “Барбанг” этномәдени бірлестігінің төрағасы Рашид Надировтың айтары аз емес.
2015 жылы күнтізбемізге Алғыс айту күнінің қосылуын ұстаздар қауымы да жылы қабылдаған болатын. Біз, өскелең ұрпақ тәрбиесімен тікелей айналысатындықтан, әр мерекенің, айтулы датаның шығу тарихын талдап, мән-маңызын түсіндіріп отыруға міндеттіміз. Мәселен, сол бір зұлмат заманның келмеске кеткен ауыр зардаптарын көз алдымызға елестете отырып, тоталитарлық саясаттың ұлттарды жан-жаққа тарыдай шашып, қаңғытып жіберген нәубетті жылдарына баға беру …
Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі атап өтіледі.