«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғыс хат тапсырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан 22 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың 1 наурызында еліміздің басты саяси ұйымы – «Nur Otan» партиясы құрылған болатын. Жыл сайын осы күні партияның облыстық филиалында салтанатты жиындар өтеді. Биыл сайлауалды үгіт-насихат кезінде ерекше белсенділік танытқандар марапатқа ие болды.

 «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова ұйымның жергілікті мүшелері еліміздің саяси өміріне белсенді қатысып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бар күш-жігерлерін салып келе жетқанын атап өтті.
– Осы уақыттың ішінде саяси ұйым сапалық жағынан нығайып, көптеген игі істердің жүзеге асуына зор үлесін қосты. «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» және тағы басқа бағдарламалардың бел ортасында нұротандықтар жүрді. Сайлауалды бағдарламаларды орындау үшін арнайы Жол картасы әзірленді, – деді Әсем Қалашбайқызы.
Салтанатты жиын барысында «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты сайлауалды штаб мүшелерінің белсенділеріне табыс етілді. Сондай-ақ, түрлі салада еңбек етіп жүрген 8 адам партия қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Бүгінде өңірде 351 бастауыш партия ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарында 26 мыңға жуық мүше бар.
Ілияс СӘБДИНОВ,
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының
баспасөз хатшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp