«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі ата-аналардың балабақшаларда қосымша орындар ашу туралы ұсыныстарына «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пікір білдірді.

  «Маған ата-аналардан балабақшаларда қосымша орындар ашу туралы көптеген ұсыныстар түсіп жатады. Пандемияға байланысты біз балабақшалардың жұмысын шектеуге мәжбүр болдық. Кезекші топтар жартылай ғана толды.
Қазір аймақта жағдай тұрақталды. Облыс жасыл аймаққа өтті, бұл бізге карантиндік шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Кезекші топтардағы орындар санын көбейтетін боламыз. Сөйтіп, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен көбірек қамти аламыз. Мен барлық ата-аналарға осы қиын кезеңде түсіністік пен шыдамдылық танрытқаны үшін алғысымды білдіремін», – деп жазды әкім желіде.
Құмар Ақсақалов сондай-ақ 28 ақпаннан облыста сауда орталықтары, базарлар, бассейндер мен моншалар жұмыс істей бастайтынын хабарлады. Театрлар да көрермендер алдында қойылымдар қоятын болады. Мектептен тыс оқыту орталықтары да 15 балаға дейін қабылдай алады. Автобустар Қазақстан аумағы бойынша кез келген бағытқа қатынайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp