«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН АНАСЫ ҰРЫП-СОҚҚАН сәби ауруханада көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жауыз анасынан оңбай таяқ жеп, ес-түссіз күйде ауруханаға түскен сәби көз жұмды.

Бейкүнә періште облыстық балалар ауруханасына үстіміздегі жылғы қаңтардың 17-інде ессіз күйде жеткізілген болатын. Ақ халаттылар үш жасар бүлдіршінге бір айдан астам уақыт бойы қолдан келер көмектерін аяған жоқ. Оның денсаулығына келтірілген зақымның ауыр болғаны соншалық, кішкентай пациент есін жимастан көз жұмды.
Бастапқыда күдіктіге қатысты балаға асқан қатыгездікпен қарағаны үшін қылмыстық іс қозғалған еді. Тергеу шаралары жүргізілген уақытқа қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына жабылды. Ендігі кезекте өз баласын өлтірген безбүйрек ана 8-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp