«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түрік шопырының алғысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Мен мұндай полицияны бұрын еш жерде көрмедім…». Түрік азаматы Мустафа Девилоглы Солтүстік Қазақстан полицейлеріне алғысын осылай жеткізіпті. Ол «Volvo» ауыр жүк көлігімен Түркияға 20 тонна зығыр әкетіп бара жатқан. Солтүстіктің сақылдаған сары аязында автокөлігі істен шығады. Мұндай суықты көрмеген ол қатты қорыққан. Көмек сұрап көліктерді тоқтатқанымен, не қазақша, не орысше білмейтін ол жағдайды түсіндіре алмаған. Осылай, әбден қиналған шағында көмекке облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері  Қанат Теңізбаев пен Самат Данияров келген. Олар Мамлютка – Қостанай тасжолының бойында патрульдік кезекшілік етіп жүрген екен.

Жүргізушіні жылы машинаға апарып, ыстық кофе құйып беріп, бойын жылытып, телефондағы онлайн-аудармашының көмегімен тұрып қалу себебін білген. Істен шыққан бөлшекті полицейлер фотоға түсіріп, Петропавлдағы таныстарына жолдайды. Олар такси жүргізушісінен беріп жібереді.
Бұл уақытта полицейлердің өтініші бойынша оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметкерлері шетелдікті қонақүйге апарып, жылы жерге түнетеді. Ал тәртіп сақшылары түні бойы оның жүк көлігін күзеткен.
Қанат Теңізбаев пен Самат Данияров келесі күні таңертең шетелдік қонаққа көлігінің істен шыққан сүзгісін ауыстыруға көмектесті. Разы болған жігіт басқа сөзді білмесе де, «рахметті» жаттап алып, кеткенше аузынан тастамай айта беріпті.  «Мен жолда көп жүремін, бірақ мынадай полиция қызметкерлерін ешқашан кездестірмедім. Көмекке келеді деп күтпеген де едім. Шексіз алғыс білдіремін», – деп жазды ол ағылшынша жазған алғысында.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті
 ішкі және сыртқы коммуникациялар
 бөлімінің аға инспекторы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp