«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕРЛЕР»

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан «Қайырымды кәсіпкерлер» алқасы құрылды. Оның алғашқы отырысына жергілікті бизнес иелері қатысты.

Шара барысында сөз алған орталық мешіттің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай ғибадат үйінде былтыр атқарылған қайырымды істерге тоқталды. Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының облыстағы өкілдігі көмекке мұқтаж отбасыларға көрсетілген игі істер жайлы баяндады. Қайырымы мол шаралар аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолғабыс ретінде киім-кешек пен азық-түлік пакеттері берілген.
Кенжетай Байкемелұлы карантин кезінде мұқтаж жандарға медициналық құралдар сыйлаған кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, оларға «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Сейткәрімұлының Алғыс хатын табыстады.
Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ,
«Қызылжар» орталық
мешітінің баспасөз хатшысы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp